АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ
2024 жылдың 31 қаңтар күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбындағы құқық қорғау органының қызметкерлерімен кездесу өтті.
Мақсаты — кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жастардың құқықтық санасын тәрбиелеу, қиын өмірлік жағдайларда сыни талдау дағдыларын қалыптастыру. Дәріске колледждің І, ІІ курс студенттері және оқытушылар қатысты.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында кәмелетке толмағандардың қылмыс пен құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы туралы мәселелер қозғалды. Алматы ауданы ЖПҚБ басшысының орынбасары, полиция полковнигі А.Е.Жаугашева жеңіл ақша табы мақсатында интернет желісіндегі жұмысқа шақыру жарнамаларынан аулақ болуды, қаржылық сауаттылық пен өмірдің қиын кезінде өзін дұрыс ұстай білу және көмек қажет жағдайда қайда жүгіну керектігін айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.