Оқу орнының алғашқы іргетасы 1928 жылы қаланып, Көкшетау қаласындағы педагогикалық техникумын осы Ақмолаға көшіріліп әкелуінен басталады.
Астана гуманитарлық колледжі 1944 жылы 6 маусымда Ақмола облыстық еңбекшілер депутаттары Кеңесі атқару комитетінің шешімімен құрылды.
1992 жылы педагогикалық училище педагогикалық колледж мәртебесін алып, 1997 жылы шілдеде Қазақстан Республикасы Білім және Мәдениет министрлігінің бұйрығы негізінде гуманитарлық колледж болып аталды.
Оқу орны 1999 жылдың 26 қыркүйегінен бастап заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы №6353-1901 ЖП Куәлігі негізінде Астана қаласы Білім басқармасының «Гуманитарлық колледжі» МКҚК болып табылады және заңды тұлғаны мемлекеттiк қайта тiркеу туралы 2001 жылғы 25 қыркүйектегi №63531901 куәлiк Қазақстан Республикасының заңнамасы шегiнде құрылтай құжаттарына сәйкес қызметтi жүзеге асыруға құқық береді. Колледж 2011 жылғы 21 қарашадағы АА №0129899 сериялы мемлекеттік лицензия негізінде білім беру қызметін жүзеге асырды.
2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 маусымдағы №107-890 қаулысымен колледж Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Гуманитарлық колледж» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.
2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Гуманитарлық колледжі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету колледжі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қосылу жолымен қайта құрылды, кейін оның құрамына ауыстырылды. «Астана халықаралық университеті» ЖШС сенімгерлік басқаруға (2019 жылғы 19 тамыздағы №4 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы шарт).
Бірқатар өзгерістерден кейін 2020 жылы «Астана халықаралық университеті» ЖШС «EduCapital» педагогикалық институтында заңды тұлға құрмай, жаңа «Педагогикалық колледж» құрылымдық бөлімшесі құрылды.