Кәсіби бағдар жұмысы
Астана қаласындағы №32 мектеп-гимназиясында 2026 жылғы 23 қаңтар күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Заң және тәртіп» айлығы аясында жаңадан құрылған «Жас сақшы» клубына оқушыларды қабылдау рәсімі ұйымдастырылды.
Іс-шараға колледжіміздің педагогі Жазыкбаева Айтолкын Нурлановна кәсіби бағдар беру жоспарына сәйкес арнайы қатысып, Астана қаласындағы №32 мектептің бітіруші сынып оқушыларына педагогикалық мамандықтар туралы кең көлемде ақпарат берді. Кездесу барысында оқушыларға болашақ мамандықты саналы таңдаудың маңызы түсіндіріліп, адалдық, жауапкершілік және азаматтық ұстаным құндылықтары дәріптелді.
«Жас сақшы» клубы мектеп пен полиция департаменті арасындағы серіктестік аясында жүзеге асырылып, оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастыруға, құқықтық білімін тереңдетуге бағытталған маңызды бастама болды. Іс-шараға белсенді қатысып, кәсіби бағдар беру бағытындағы нәтижелі жұмысы үшін Жазықбаева Айтолқын Нұрланқызы мектеп әкімшілігі тарапынан «Аманат» партиясы Алматы аудандық филиалының Алғыс хатымен марапатталды. Әріптестеріміздің еңбектері әрдайым ескеріліп, лайықты бағасын ала беруіне тілектеспіз.https://www.instagram.com/p/DUF6M47jHg2/?img_index=1