19.01.2026 ж. Астана халықаралық университетінің жоғары педагогикалық колледжінде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Қауіпсіз интернет» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шараның **мақсаты** — білім алушылардың интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер туралы түсінігін кеңейту, жеке деректерді қорғау мәдениетін қалыптастыру, кибербуллинг пен интернет-алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ заң талаптарын сақтай отырып, цифрлық ортада жауапкершілікпен әрекет етуге тәрбиелеу.
Кураторлық сағат барысында қауіпсіз интернетті пайдалану ережелері талқыланып, нақты мысалдар арқылы ақпараттық сауаттылықтың маңызы түсіндірілді. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.
📌 Саналы қолданушы — қауіпсіз қоғамның негізі!https://www.instagram.com/p/DTxHIINjIzz/?img_index=1