2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығында оқу орнымыздың студенттері бекітілген практика базаларында өз мамандықтары бойынша педагогикалық практикадан сәтті өтті.

Практика барысында білім алушылар:
🔹 теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды;
🔹 білім беру үдерісіне белсене қатысты;
🔹 кәсіби құзыреттіліктерін шыңдап, педагог мамандығының қыр-сырын терең меңгерді.

✨ Практикалардың қорытынды конференциялары ойдағыдай өтті.
Студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, SWOT-талдау жасап, практика барысында қолданылған оқыту стратегияларын қалай жүзеге асырғандарын ортаға салды. Бұл тәжірибе болашақ мамандардың кәсіби рефлексия жасауына зор мүмкіндік берді.

🏅 Сонымен қатар, практика әдіскерлері мен белсенді бірқатар студенттердің алғыс хаттармен марапатталуы — ортақ еңбектің жемісі әрі үлкен қуаныш.

Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен кәсіби биіктер тілейміз! 🌟https://www.instagram.com/p/DTLGZxwjKjz/