«Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі» «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар адам-табысты адам» кітапхана квилті өткізілді.

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Артық ғылым кітапта,ерінбе оқып көруге деп насихаттайды .

Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет» дейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес Білім және ғылым министрлігі «Оқуға құштар колледж » жобасын бекіткен болатын. Осы жобаны жалғастыра отыра колледжімізде «Оқуға құштар адам-табысты адам»кітапханалық квилті өткізілді.

Әдеби кітаптар,кітап пен білімнің арқасында, табысқа жеткен адамдар жайлы жазылған кітаптар қойылған көрме ұйымдастырылды.Кітап оқымай өмірді білу,білім алу мүмкін емес,кітап оқу ойлауды дамытады,кітап оқыған адам мықты тез ойлап тез қорыта алады.

Кітап-адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі,тарихы мен тағылымының алтын сандығы.

Студенттер өздері оқыған кітаптарында жетістікке жеткен,табысты адамдар туралы айтып,кеңестерімен бөлісті.https://www.instagram.com/p/C7ofsrZNmzA/?img_index=1