2024 жылдың 3 мамыр күні «Қазақстан ЭкоҚорының» ұйымдастыруымен Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде «Қазақстанда экологиялық ағартуды ілгерілету» тақырыбында конференция өтті.
Конференция жұмысын Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК басшысының орынбасары Ж.Қ. Амиргалиев жүргізді. Іс-шараға ғалымдар мен экологтар, колледж оқытушылары мен студенттері, мектеп директорлары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар экологиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады.https://www.instagram.com/p/C6gfJFit5rh/