2024 жылдың 5 наурыз күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Atamnyn amanaty» қоғамдық бірлестігінің жетекшілігімен «Батырлар сөзі» атты сабақ өтті.
Іс-шара қонақтары Ақмола Ішкі әскерлер бригадасының бұрынғы командирі, Тараздағы Оңтүстік әскери округ командирінің орынбасары, десантшы, Қарабақ, Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстандағы КСРО әуе күштерінің бітімгершілік миссияларына қатысқан запастағы полковник Магулов Манас Бадыханұлы мен ҚР ҰГ 5573 әскери бөлімінің құрметті қарауыл ротасы командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары капитан Амантаев Айқын Ролланұлы болды.
Мақсаты: жастарды әскери-патриоттық руыхында тәрбиелеу Қазақстанан шыққан Кеңес Одағының батырлары мен елімізде жасақталған әскери бөлімдер туралы насихаттау.https://www.instagram.com/p/C4cfEEctIPH/?img_index=1