2024 жылдың 21 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» КММ және Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ ұйымдастыруымен Ілияс Жансүгірұлының туғанына 130 жыл толуына орай «Хақ сөйле, қызыл тілім, адал сайрап» атты қалалық мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Іс-шараның мақсаты – қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қазақ әдебиетінің барлық жанрында қалам тербеген біртуар тұлға, І.Жансүгірұлының шығармашылық мұраларын зерделеу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ақынның поэзия мен драмалық шығармаларын насихаттау арқылы талантты жастарды қолдау және халыққа таныту.
16 мен 35 жас аралығындағы 25 қатысушы өнер көрсеткен байқауға колледжіміздің «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының І курс БП 9.5 тобының студенті Адильхан Ақмаржан қатысып, жүлделі 🥇🥇🥇🏅🏅🏅І орынды жеңіп алды.
Ақмаржан арнайы дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Жеңімпаз студентімізді шын жүректен құттықтаймыз! Табыс, сәттілік тілейміз!🥳🥳🥳https://www.instagram.com/p/C3r-u0Ltnmo/?img_index=1
