2024 жылдың 14 ақпан күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде «Қауіпсіз студенттік өмір» атты онкүндік аясында І, ІІ курс студенттерімен «Алғашқы көмек қобдишасын пайдалану және оның мазмұнын тағайындау» тақырыбында әңгімелесу өтті.
Мақсаты: Медициналық қобдишанын мазмұнын, атқаратын қызметін түсіндіру. Оқыс оқиға болған орында зардап шеккен немесе күрт науқастанған адамға «Жедел жәрдем» келгенге дейін көрсетілетін ем шара түрлерімен таныстыру.
Іс-шара барысында студенттер алғашқы медициналық көмек зардап шегуші адамның жарақат алу дәрежесіне қарай көрсетілетіндігі және алғашқы көмектің негізгі әдіс-тәсілдері туралы сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.https://www.instagram.com/p/C3kPoNtNDIg/?img_index=1




