«СПОРТТАҒЫ ДОСТЫҚ»
2024 жылдың 14 ақпан күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде «ДОСБОЛLIKE: достық қолын ұсын» акциясы «Спорттағы достық» бағыты бойынша дене тәрбиесі оқытушыларының ұйымдастыруымен «Эстафеталық ойындар» жарысы өтті.
Мақсаты: Жастардың спортқа қызығушылығын арттыру, эстафеталық ойын түрлерімен таныстыра отырып, оны ойнау әдістерін үйрету. Ептіліктерін, шапшаңдықтарын, төзімділіктері мен қимыл-күш қабілеттерін дамыту, достық сезімдерін қалыптастыру. Ойын кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауға, татулыққа, ұйымшылдыққа, бірін-бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.
