КІШІ ЗИЯТКЕРЛІК АКАДЕМИЯ
2024 жылдың 26 қаңтар күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде «ДОСБОЛLIKE: достық қолын ұсын» акциясы шеңберінде кіші зияткерлік академия бағыты бойынша студенттік Парламенттің ұйымдастыруымен «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» атты викторина өтті.
Викторинаның мақсаты: отансүйгіштік пен әлеуметтік жауапкершілікті, оқытушыларға, ата-аналарға, достарына, айналасындағы ортаға алғыс сезімін, оқу ордасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру.https://www.instagram.com/p/C2sDGdsN33r/
