«ҚАР ДЕСАНТЫ» ЕРІКТІЛЕР ЭСТАФЕТАСЫ
2024 жылдың 19 қаңтар күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледж студенттері Астана қаласы Мектепішілік және студенттік Парламентінің жедел штабы – Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының бастамасымен ұйымдастырылған «Қар десанты» еріктілер эстафетасына қатысты.
Эстафета мақсаты – жастарды еңбекке баулу, қоршаған ортаға деген қамқорлық сезімдерін ояту.
Эстафета міндеті:
Елорда аудандары бойынша білім беру ұйымдарының, әлеуметтік нысандардың алаңдарын қардан тазарту;
Жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру;
Өзге де қоғам мүшелері мен өскелең ұрпаққа үлгі көрсету.
